Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Инженерлік инфрақұрылым жүргізу
қағидалары
(2026.07.11. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді, шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шарттары мен тетігін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2026.22.10. № 945 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 7 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Инженерлік инфрақұрылым жүргізу қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аяқталмаған құрылыс - тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;
2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі - БИЖ) - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар, жаңа объектілерді құруға (салуға) не бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ цифрлық объектілерді құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
3) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингтеу - бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға берілген кезге дейін жаңа объектілер тұрғызу (салу), бұрыннан бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ цифрлық объектілерді құру және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі түрде жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
4) бюджет процесі - мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;